jasqazaq.kz

Болат Бопайұлы: Тұрмыста болған келіннің беташары жасала береді

21 желтоқсан 2023, 11:18

Жақында қарындасымен дуэт айтып танылған әнші Ринат Шамшырақ үйленді. Әнші әлеуметтік желіге тойындағы беташар рәсімінен видео жариялады. Шаңырақ көтерген әншінің тойындағы беташар рәсімі халықтың сынына қалды. Көпшіліктің айтуынша, бұрын тұрмыста болған келіннің беті ашылмайды, яғни қазақта екінші рет тұрмысқа шыққан әйелдің беташары жасалмайды. Осы тұста халықтың айтқан бұл сөзі қаншалықты дұрыс екенін білу үшін этнограф Болат Бопайұлының пікірін білдік, деп жазды massaget.kz.

Этнографтың айтуынша, беташарды жасау не жасамау  тұрмысқа шығатын әйелдің жасына байланысты.
«Беташар деген қазақтың ең маңызды салт-дәстүрінің бірі. Түскен жас келіннің бірінші несібесі деп айта аламыз. Келін жаңа отбасының әрбір мүшесіне деген құрметін көрсетіп, олармен танысатын салт. Егер әйелдің жолдасы қайтыс болып, ол жастайынан жесір қалса, екінші рет тұрмысқа шыққанда егде жаста болмаса, оның беті ашыла береді. Яғни бұрын тұрмыста болған жас келіннің беташары жасалады. Ал егде 50-60 жастағы, балалары ержетіп-бойжетіп қалған әйелдің беті ашылмайды.
Қазіргі кезде тұрмыс құрып, бір-екі жылдан кейін бір баламен ажырасып кететіндер бар ғой, олардың жасы 25-30 аспаса, беташар рәсімі жасалады», — дейді Болат Бопайұлы.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі