jasqazaq.kz

Болат Әбділманов: Түрі қазақ, жаны жат мәңгүрттер көбейді

22 маусым 2023, 11:58

Актер Болат Әбділманов рухани құндылықтың азайғанын сынға алды. Өнер иесі өз пікірін отандық бағдарламада айтты.
«Қазіргі кино түсірушілер мән-мағынаға қарамайды. Комедия болса, халық көп келеді, касса жинаймыз деп ойлап, соған жұмыс істейді. Ізгілікке, адамгершілікке, тазалыққа, рухани дүниеге назар аудармайды. Неғұрлым анайы дүние жасаған сайын, актердің аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан сайын, орысша мен қазақшаны араластырып, өмірдегідей боламыз деп бүкіл анайылықтың бәрін көрсеткен сайын көрермені көп болады. Бұл жерде біздің айтатынымыз тобырлық сана. Біз соны өнер арқылы саналыққа көтеруіміз керек. Қазір менің бір қуанатыным, бұрын көрермен жеңіл дүниелерге көп келетін. Ал қазір керісінше, терең мағыналы дүниелерге өте көп келеді. Біздің театрда әр актерға еркіндік берілген. Мысалы, мен жақында «Жан әке. Қазағым қайда барасың?» деген спектакльдің қазақша нұсқасын жасадым. Сонда ақсақал спектакльдің соңында мына тыныш заманда пейілдері тарылып, адами құндылықтары өзгеріп, қазақы салт пен тәрбие жұтылып, түрі қазақ, жаны жат, санасы уланып, жат ағымның жетегінде кеткен мәңгүрттер көбейді. Отанды сүю иманнан дейді, отанын қорғаудан қашып жүрген, әскерге барудан қашып жүрген имансыздар көбейді деп айтады. Біздің кезімізде отыра қалсақ әскерге бардың ба деп сұрайтынбыз, әскерге бармаған адам бізге қызықсыз болатын. Бізге қазір мемлекетшілдік, отанды сүю, оған қызмет ету жетіспейді» — дейді ол.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі