jasqazaq.kz

«Болашаққа қадам» – жастарға мамандық таңдауда бағыт беретін жоба

27 сәуiр 2023, 9:50

Шымкентте «Болашаққа қадам» жобасы жалғасып жатыр. Бүгін жоба аясында қаладағы мектеп оқушылары арасында семинар өтіп, мектеп бітіруші түлектер «Бал Текстиль» кілем фабрикасының жұмысымен танысты.

Аталған шараның мақсаты — жастарға кәсіби бағыт-бағдар беру, жас ұрпақты белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу, кәсіптік қызығушылығы мен бейімділігін және қабілеттілігін дамыту.

Алдымен қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №65 мектепте 9-11 сынып оқушылары арасында мамандық таңдау бойынша семинар өтті.

Алғаш сөз алған Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың басшысы Мұратжан Шотанов жастарға мамандық таңдауда осындай жобалардың берері мол екенін атап өтті.

– Жобаның мақсаты – бітіруші түлектерге мамандық таңдауда жол көрсету. Жастарды қолдау, болашақта мамандық алуына жағдай жасау, сапалы білім беру мәселесі Президент Жолдауында айтылды. Соған байланысты, Шымкентте осындай үлкен жоба қолға алынды. Жоба аясында жастарды қаладағы кәсіпорындармен таныстырып, өндіріс орындарына қандай мамандықтар керек екенін, олардың жұмыстарының маңыздылығын, не өндіріп, не ұсынатыны жете түсіндіріледі. Бұдан бөлек, түрлі семинар мен тренингтар ұйымдастырылып келеді. Бұл қаламыздағы әр жастың келешегі үшін пайдалы дүние болатынына сенеміз, – деді Мұратжан Шүкірханұлы.

Семинарда спикерлер баяндама жасап, оқушыларға мамандық таңдауда өз кеңестерін ұсынды.

Оқушылар «Бал Текстиль» кілем зауытында өндіріс барысымен танысты. Өндірістегі автоматтандырылған жүйе және ондағы қызметкерлердің жұмысымен жіті танысқан оқушылар жобаның мамандық таңдауда серпін бергенін атап өтті. Олар осындай үлкен фабриканың дизайнері, IT маманы болсам деген ойларын жасырмады.

– Фабрикада 450 ден астам маман бар. Жылда қаламыздағы оқу орындарымен тығыз байланыстамыз, жеңіл өнеркәсіп саласын бітіргендерді жұмысқа тартамыз. Болашақта өндірісімізді кеңейтсек, мамандар керек болады, – деді өндіріс басшысы Нұрғали Тоқсанбай.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі