jasqazaq.kz

Болашақ полицейлерге контрафактінің зияны туралы айтылды

17 мамыр 2023, 11:39

Кеше «Philip Morris Kazakhstan» компаниясы болашақ полицейлерге контрафактілік өнімдердің зиян туралы семинар өткізді. Ауқымды шара Ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қабырғасында өтті. Семинарға акамдемияның 3 курс курсанттары, офицерлер мен профессорлық-оқытушылық құрам қатысты.

Темекі компаниясының өкілдері «Заңсыз сауда Қазақстан Республикасының экономикасына қалай зиян келтіреді және темекі өнімдерінің заңсыз айналымын тиімді болдырмау үшін өнім туралы нені білу қажет?» тақырыбында дәріс оқыды.

Болашақ тергеушілер мен криминологтарға контрафактілік темекі өнімдерінің таралуынан ел экономикасына тиетін қауіп туралы жан-жақты ақпарат айтылды.

2018-2021 жылдар аралығында Қазақстанға әкелінген контрафактілік өнімдердің жалпы құны 30 миллиард теңгені құраған. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, жыл сайын 10 пайызға өсіп отырған. Қала базарларында контрафактілік темекі ашық сатылып жатыр. Салдарынан контрафактілік өнімдерді сату туралы заң өрескел және ашық бұзылып отыр. Елімізге контрабандалық жолмен әкелінген контрафактілі темекінің кезекті жөнелтілімі туралы хабарлар әлдеқашан белгілі болғанымен, контрабанданың басым бөлігі әлі күнге дейін анықтау мүмкін болмай отыр. Лекция барысында болашақ мамандарға осы және заңсыз темекі өнімдерінің айналымға енуі, оның экономикаға зияны туралы да мол мағұлмат берілді.

Тәртіп сақшылары бұл мәселемен тікелей таныс. Сондықтан полиция бөлімі үшін жеке сектор өкілдерінен сараптамалық ақпарат алу өте маңызды. Дәл осындай ынтымақтастық құқық қорғау органдары қызметкерлеріне контрафактілік темекінің барлық қыр-сырын кәсіби деңгейде түсінуге және реттеуге көмектеседі.

Өткізілген іс-шара Қарағанды академиясының ғана емес, жалпы ІІМ-нің жеке компаниялармен ынтымақтастықты дамытуға, басқа сала мамандарымен өзара әрекеттесе жұмыс істеуге және азаматтық қоғаммен бірлесіп, өзекті проблемаларды шешуге дайын екенін көрсетеді.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде