jasqazaq.kz

Болашақ ұрпақтың ақшасын жеп жатырмыз

09 қараша 2016, 12:28

azat

Мәжілісмен Азат Перуашев ҚР Ұлттық қорынан қаражаттың тым көп жұмсалатанын сынға алды.  Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың айтуынша, Ұлттық Қордың үш жылға арналған болжамы бойынша, Ұлттық Қордағы қаражат 9,5 миллиар долларға дейін қысқарады. Сонымен қатар, мәжілісмен қордағы инвестициялық табыстың 712 миллиард теңгеден 686 миллиард теңгеге дейін, яғни 16 пайызға азаюы мүмкін екенін айтып өтті.

«Ұлттық Қорға қаражат тек теңгемен салынбайды, бұл дегеніміз қордағы ақшаның әлі де біраз азаятынын білдіреді. Мемлекет басшысы негізгі екі мәселені шешу үшін Ұлттық қорды құрды: дағдарыс кезінде экономикалық жағдайды тұрақтандыру мен болашақ ұрпақ үшін ақша жинау. Бастапқыда бұл қордағы қаражат 2007-2009 жылдардағы дағдарыс кезінде жұмсалды. Бірақ уақыт өте келе Ұлттық қордағы қаражат бюджетті толтыру үшін қажетті кезде ала салатын қаражат көзі болды», — деді мәжілісмен.

Сондай-ақ, Азат Перуашев былай жалғаса берсе, Ұлттық Қордағы қаражаттың жетпей қалуы мүмкін екенін айтты.

«Экономикамызды дамытудың орнына біз өзімізге емес, болашақ ұрпағымызға тиесілі ақшаны жеп жатырмыз. Біз инвестициялық табысты көбейтудің орнына, қорда қалған ақщаларды жеп жатырмыз. Бірақ бұл жағдай әрі қарай жалғаса бермеуі керек. Осы қалыппен жүре берсек, күндердің бір күнінде қордың өзі бізге жетпей қалуы мүмкін», — деді депутат.

tengrinews.kz

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл