jasqazaq.kz

Бокстан Азия чемпионаты: Ерасыл Жақпеков жартылай финалға өтті

05 желтоқсан 2024, 15:30

Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Ерасыл Жақпеков жартылай финалға жолдама алды.

Жақпеков 80 келіге дейінгі салмақта қырғызстандық Сағын Сатыбалды уулымен қолғап түйістірді. Бірінші раундта қырғыз боксшысы төрешілер шешімімен 3:2 есебімен алда тұрды. Дегенмен екінші кезеңде Ерасыл таразы басын өзіне аударды – 5:0. Қорытынды есеп те – 5:0.
Осылайша, Е.Жақпеков кемінде қола медаль алады.

Бүгін әйелдер арасында Қазақстаннан Жазира Орақбаева, Ұлжан Сәрсенбек және Виктория Графеева шаршы алаң төріне көтеріледі.ы

inform.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі