jasqazaq.kz

«Бокс королі» Головкинге намысына тиетін сөз айтты

16 қараша 2016, 17:50

photo_31582

WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс қазақстандық Геннадий Головкинге қатысты дөрекі тілмен үндеу жариялады.

Тengrinews.kz хабарлағандай, 26 қарашада Сондерс Кардиффте титулды қорғау үшін бірінші рет шаршы алаңға шығады, ол бұл титулды өткен жылдың желтоқсанында жеңіп алған болатын. Сондерстің бұл жолғы қарсыласы ресейлік Артур Аваков болады.

«Біршама уақыт өткендіктен, жекпе-жекті асыға күтемін. Содан кейін мен GGG-ді соққы астына аламын (Затем я надеру мелкую задницу GGG). Барлық белбеуді алу үшін сен маған керексің. #WBOкоролі», — деді Сондерс Twitter желісінде.

Айта кетейік, 27 жастағы Сондерс Головкин секілді кәсіпқой бокста әлі жеңіліп көрмеген. Ұлыбританиялық боксшы 23 жекпе-жекте жеңіске жетіп, 12 кездесуді (нокаутпен) мерзімінен бұрын аяқтаған. Биыл Сондерстің Головкинмен шығатын мүмкіндігі болған, алайда ол қазақстандықтың ұсынысын бірнеше рет қайтарған. Сонымен қатар, ол өз командасымен 2017 жылдың маңызды болатынын және мықты қарсыластармен, соның ішінде Головкинмен шығатынын айтқан.

Головкин үшін Сондерспен жекпе-жек барлық белбеудің басын қосуға жақсы мүмкіндік. Қазіргі уақытта қазақстандық боксшының иелігінде WBC, WBA, IBF және IBO белбеулері бар. Оған тек Сондерстің WBO белбеуі жетіспей тұр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде