jasqazaq.kz

Бокс кеші жаппай төбелеске ұласты (видео)

02 ақпан 2017, 14:44

28 қаңтарда Канаданың Монреаль қаласында өткен бокс кеші жаппай төбелеспен аяқталды, — деп хабарлайды tengrinews.kz.

Бокс кешінің басты жекпе-жегі осы күнге дейін жеңіліп көрмеген екі боксшы Стивен Батлер (18-0-1, 15 КО) және Брендон Кук (17-0, 10 КО) орта салмақта IBF және WBA белбеулеріне таласқан.

Онтарио тумасы Кук Батлерді уақытынан бұрын нокаутқа түсіріп, жергілікті тұрғындардың наразылығын туғызды. Осыдан кейін шаршы алаңға неше түрлі заттар ұша бастады, солардың ішінде мұз салынған шелек жеңімпаздың басына тиіп кеткен. Кейін залда жаппай төбелес басталып кеткен.

Айта кетейік, осы бокс кешінде қазақстандық екі боксшы жұдырықтасқан болатын. Батыр Жүкембаев өз қарсыласын Давид Ранхелді 2,5 минутта нокаутқа түсірді, ал Абылайхан Құсайынов мексикалық қарсыласын уақытынан бұрын жеңді.

https://www.youtube.com/watch?v=K9aDu1-S6Lk&feature=youtu.be&list=PL7ICdPhXEnRsGV94E1V_Xrpf85FophXyS

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде