jasqazaq.kz

«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты РММ бас директоры қамауға алынды

26 мамыр 2025, 11:03

Сурет: depositphotos.com

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты РММ бас директоры жемқорлықпен күдікке ілінді, деп хабарлайды jasqazaq.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ-нің бас директорына қатысты қылмыстық іс тергелуде. Ол резерватта шын мәнінде еңбек қызметін атқармаған тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу арқылы ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді», — делінген Антикор хабарламасында.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта оның басқа қылмыстарға қатысы тексерілуде. Тергеу жалғасуда.

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы