jasqazaq.kz

«Бойдақ салық» ерте үйленуге себеп бола ма? Депутат Нұртай Сәбилиянов жауап берді

06 ақпан 2025, 16:24

Өткенде Мәжіліс депутаты Болат Керімбек «бойдақ салық» енгізу туралы ұсыныс айтқан болатын. Кеңес дәуірінде өмір сүрген аға буын бұл салық туралы жақсы біледі. Ол кезде үйленбеген, баласы жоқ жандардың жалақысынан 6 пайыз көлемінде салық ұсталатын. Алда-жалда депутаттың ұсынысы қабылданып кетсе, жұмыс берушінің (немесе қызметкердің) салық жүктемесі еселенетіні түсінікті. Ол жүктеме онсыз да аз емес, 40 пайызға жетеқабыл.

Бүгін Мәжіліс депутаты Нұртай Сәбилиянов бойдақ салығына қатысты өз пікірін ортаға салды: «Бойдақ салығы» ештеңе шешпейді. Ол керісінше жастарға үлкен салмақ болады. Біз жастарды қолдап, оларға жағдай жасауымыз керек. Жастарға «үйленген жоқ», не болмаса «тұрмыс құрған жоқ» деп салық салсақ, бұл үлкен қателік болады».

Нұртай Сәбилиянов та кезінде бойдақ салығын төлеген.

«Мен 1988-1991 жылдар аралығында бойдақ салығын төлегенмін. Ол кезде Алматы электротехникалық зауытында жұмыс істедім. Зауыт жалақымнан салық ұстап қалатын. Өзім жатақханада тұрамын, оны жалға алғаныма тиісті ақысын төлеймін, оған қоса бойдақ салығын төлеймін, тағы басқа бір салығы бар. Барлығын төледім. Бірақ «бойдақ салығын» төлегенім менің тез үйленіп, отбасын құруыма себеп болған жоқ», — деді ол.

Jas Qazaq

Сурет: restolife.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі