What’s Inside YouTube-арнасының видеоблогерлері Олимпиада алауын бөлшектеп, оның құрылымын көрсетті, деп хабарлайды TJ.
Ұшақтың қаптамасы секілді алаудың сырты да өте мықты болып шықты: корпусты аралаймын деген шарқайрақтың өзі сынып қалды.
Алау құрылымы қатты жел мен жаңбыр отты өшіре алмайтындай қорғанышпен жасалады. Жағымсыз ауа райына олимпиада алауы эстафетасын бұзғысы келетін жағымсыз адамдарды да қосуға болады.