jasqazaq.kz

Блогерді балағаттаған әзілкеш 15 тәулікке қамалды

24 мамыр 2024, 11:51


Әзілкеш, стендапер Нұрасхан Басқожа желіде Madlen лақап атымен танылған блогер Мадина Мамадалиеваның жеке басына қатысты мәлімдемесінен кейін 15 тәулікке қамауға алынды.
Жоғарғы соттың баспасөз қызметі стендаперге ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылғанын (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі) мәлім етті.
“Сот анықтағандай, айыпталушы ойын-сауық мекемесінде стендап көрсету кезінде жиналғандарға қатысты әдепсіз сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзған. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады”, – делінген Жоғарғы соттың хабарламасында.
Сот айыпталушыны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі