jasqazaq.kz

Блогер пранк жасаймын деп сотталып кетті

03 ақпан 2025, 12:48

Елордада лифтіде ойыншық тапаншамен адамдарды қорқытып, пранк жасаған ер адам 15 күнге сотталып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Г-ға қатысты істі қарады. 29 қаңтарда Г есімді адам тұрғын үйдің лифтісінде өзінің танысымен төбелесіп, тапаншамен қорқытып, пранк жасаған. Осылайша лифтіде бірге тұрған өзге адамдардың реакциясын видеоға түсіріп, желіге жүктеген.

«Осылайша айналасындағыларға құрметсіздік білдіретін, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттер жасады. Сот отырысында Г. өзінің іс-әрекетімен бұзушылық жасағанымен келіспей, кінәсін мойындамады, ол оны ойын-сауық мазмұнына арналған бейнеролик ретінде түсіргенін түсіндірді», — делінген соттың хабарламасында.

Сот қаулысымен Г. ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі