jasqazaq.kz

Блогер Фариза Төреәлі: “Бәрін өзім құтқарамын” деп жүрген әйелдер қателеседі

24 мамыр 2023, 11:48

Танымал блогер Фариза Төреәлі әлеуметтік желіде, тіршілік тауқыметін мойнына артып алатын келіншектерге жазба арнады.

“Әйел адам шыдау керек, төзу керек, көну керек, мықты болу керек, бәріне көзін жұму керек” демей ме бізде көпшілік? Шыдаса ғана түбінде жақсылық болады, шыдаса ғана бақытқа кенеледі, шыдаса ғана мықты адам. Бірақ, шыдам мен сабырдың арасын шатастырып алып жатқан жоқпыз ба?
⠀
Шыдау керек деген қазақта әдет бар, бұл сөздер маған тікелей “жертва болу, өзіңді ұмыту керек” деген мағынада естіледі.
Әйел адамның мойынындағы үйдің жауапкершілігі, келіндік қызметі, әйелдік, аналық міндетінен бөлек көзге көрінбейтін біраз істер бар. Оны әйел ғана көтереді, себебі қырық жаны бар. Соның бәріне қоса қаншама отбасыда зорлық-зомбылықты, күйеуінің дөрекілігін, туыстарынан қысым көретін келіншектер өмір сүруде. Мойынына бар жүкті арқалап алып, жалғыз өзі отбасын сақтағысы келеді, күйеуін құтқарғысы келеді, балаларына тәрбие бергісі келеді, ештеңеге қарамай табыс табуды ойлайды тіпті. Неге? Себебі шыдау керек.
Алла әйелдерді қиналу үшін емес, жақсы өмір сүру үшін жаратты. Оларды еркектерге қарағанда 99 есе сезімтал етіп, жүректеріне үйіп-төгіп махаббатты, сезімдерді салып қойды. Отбасы — тек әйелдің емес, көбіне еркек адамның жауапкершілігінде”, — деді блогер.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі