jasqazaq.kz

Блогер Елдос Қадірханов: Арманым «әке» деген дауысты есту

18 мамыр 2023, 14:38

Елімізе «Елдос Колобок» есімімен танылған блогер Елдос Қадірханов пен жұбайы ұзақ жылдардан бері сәби иісін аңсап келеді. Блогер отандық бағдарламада ең үлкен арманын айтып, көзіне жас алды.

«Отбасын құрғанымызға жеті жыл енді болады. Негізі сұрақтар бар, айтылды. Әлі де айтылып жатыр. Басында «Не болды? Әйелің неге бала көтермей жатыр?» деп сұрайды. Бірнәрсе болса, біздің қазақта әйелді кінәлайды ғой. Бала болмай жатса кінәлі — әйел. Бәрінің ойында сол. Достарың «Әйелің неге көтермей жатыр» деп келеді. Болмаса туыстарың «Келінге не болды? Әй, келін аяғыңды жылы ұста» дейді. Келіншегім көңіліне алып, жылап қалады.

Қай дәрігердің есігіне барсам да, қойылатын бір диагноз бар. Яғни, кінә ер адам жақтан. Яғни, менен. Менің басымдағы денсаулықтан болып жатқан мәселенің себебінен бізде бала жоқ. Менің осы диагнозбен жүргеніме он жыл. Үйленердің алдында да әйеліммен сөйлесіп, ашып айттым. Ол кезде Елдос деген асаба еді. Қазіргі Елдос жоқ. Отырып сөйлестік. Мен біліп тұрып айтпай, үйленіп алуым дұрыс емес. «Менде осындай диагноз шығып тұр. Біздің өміріміз гүл бола ма, күл бола ма білмеймін. Қиындықты да, жақсылықты да көреміз десең, кеттік» дедім. Әйелім иә деп те, жоқ деп те айтпады. Тек жылады. Ал келесі күні мен алып қашатын күннің мерзімін айтып, сол күні алып қаштым… Менің арманым, үйге кірген кезде баламның «әке» деп алдымнан шығуы. Болды. Маған ақша, дүние маңызды емес. Мен ақшасыз да өмір сүргенмін. Қарапайым отбасылар бар ғой, балаң «әке» деп алдыңнан жүгіріп шығады ғой. Мен соны армандаймын. Соған жетуге әрекет етемін. Менің өтінішім, әйеліме тиіспесе екен. Шаршатты. Менің кінәлі екенімді білмейді ғой. Маған жаны ашып қалағанын қаламаймын. Мойындап айтсам, ертең не болады дедім. Бірақ әйеліме кінәлі адам ретінде қарағанын қаламаймын», — деді көзіне жас алған Елдос Колобок.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
Бүгін, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 15:04
Астаналық зейнеткерлерге интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді
13 мамыр, 12:58
Туркестан: Борьба с саранчой продолжается
12 мамыр, 15:00
Аким Туркестанской области встретился с президентом компании "Magister Art" Ренато Сапорито
12 мамыр, 14:38
Туркестан: Ведется масштабная работа по улучшению дорожной инфраструктуры
12 мамыр, 14:30
Туркестан: Социальные объекты - на благо населения
12 мамыр, 14:16
Туркестан: В Жетысайском районе завершаются работы по восстановлению вертикального дренажа
12 мамыр, 14:14
Туркестан: В Тюлькубасе прошел республиканский конкурс молодежного творчества