jasqazaq.kz

Блогер «Damelya Sweet» тегін не себепті жасыратынын ашық айтты

03 тамыз 2023, 13:01

Отандық бағдарламаға сұхбат берген кезінде Дамели Бектұрсынова (лақап аты «Damelya Sweet») ата-анасының кім екенін айтқан болатын. Тегін не себепті жасырын ұстағаны белгілі болды.

«Мен кішкентай кезімде балабақшада «Дамелька-карамелька» деп атайтын. Үйде әкемнің ерке қызымын. Бірақ ата-анам тегімді жариялауды, әлеуметтік желіні ұнатпайды. Содан «Damelya Sweet» болып кеттім. Бірақ ол ешқандай құпия емес. Әкем – министр емес. Ондай қауесет қайдан шыққанын білмеймін. Адамдар әкемнің кім екенін, оның тегін тауып алды. Бірақ ол жалдамалы жұмысшы, компаниядағы қарапайым қызметкер. Бірақ адамдар бас директор болса, министр болып кетті деп ойлайды. Ол ешқашан мемлекеттік қызметте болмаған. Толық аты-жөні – Бектұрсынов Нұрлы Асылбекұлы», – дейді Дамели.
Тегіне байланысты өз жоспары, арман-мақсаттары болған. Алайда желі қолданушылары оны жүзеге асыруын мүмкіндік бермеді.
«Негізі менің мақсатым – өз тегімді бірінші рет «Forbes-та» көрсетемін деп ойлағанмын. Бірақ кейбір адамдар менің фамилямды, ата-анамның кім екенін TikTok желісіне салып, менің арманымды бұзды. Анам – жоғарғы математика пәнінің оқытушысы, әкем – инженер», – дейді блогер.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі