jasqazaq.kz

БҚО-да полиция 1,3 млн теңгенің алаяқтарға аударылуына жол бермеді

24 тамыз 2025, 11:45

Батыс Қазақстан облысында полицейлер 1,3 млн теңгенің алаяқтарға аударылуына жол бермеді, деп хабарлайды  jasqazaq.kz..

Polisia.kz мәліметінше, алдын алу шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері қаладағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде терминал жанында тұрып, бір уақытта телефонмен сөйлесіп тұрған ер адамды байқайды. Ер адамның деректерді енгізу кезінде уайымдап, асығыс әрекет етуі күмән тудырған. Полицейлер араласып, телефонның ар жағында алаяқтар болуы мүмкін екенін түсіндіруге тырысқан. Алайда ер адам ақшаны аударуға табандап тұрып алған. Телефон тұтқасындағы өзін «Тамара» деп таныстырған әйел оған ешкімді тыңдамауға кеңес беріп, бірнеше минуттан кейін «қызы» мен «ұлы» да әңгімеге қосылған. Кейін белгілі болғандай, бірнеше күн бойы алаяқтар ер адамға телефон шалып, өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, оның жинақтары қауіпте екенін айтып сендірген.

Ақшаны «құтқару» үшін оған депозиттен қаражатты шешіп, «қауіпсіз» есепшотқа аудару керек болған. Полиция қызметкерлерінің дер кезінде әрекет етуінің арқасында 1,3 миллион теңгенің аударылуына жол берілмеді. Телефон және интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың, әсіресе зейнеткерлерге бағытталған қылмыстардың көбеюіне байланысты Батыс Қазақстан облысында полиция және жеке күзет қызметкерлері банкоматтар маңында және халық көп жиналатын орындарда — ең алдымен сауда ойын-сауық орталықтарында — алдын алу шараларын жүргізуде. Мақсат — «тәуекел аймағында» жедел әрекет ету, алаяқтарға ақша аударудың алдын алу және халықтың хабардарлығын арттыру. Полиция ескертеді: құқық қорғау органдарының нағыз қызметкерлері ешқашан ақша аударуды талап етпейді. Күмән тудыратын кез келген қоңырау кезінде бірден “102” нөміріне хабарласқан дұрыс.

Сурет: polisia.kz

23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции