jasqazaq.kz

БҚО-да кісі өлтірген күдікті қолға түсті

01 тамыз 2024, 16:03

Орал қаласында полиция қызметкерлері әйелді өлтірген күдіктіні анықтап, қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қылмыскерді анықтауға қылмыс орнында табылған дәлелдемелер көмектесті. Оқиға болған жерді мұқият тексеру барысында криминалист маман бөлмелердің бірінен криминалистикалық есепке алу мәліметімен тексеру кезінде деректер базасында адамның деректерімен сәйкес келетін дәлелдемелерді тауып, тәркіледі. Қылмысқа барған күдікті қаза болған әйелмен көршілес тұрған Орал қаласының 28 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Сондай-ақ оқиға орнынан басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Еске салар болсақ, 31 шілде күні Орал қаласындағы жер үйлердің бірінен 1957 жылы туған әйелдің зорлықпен өлтірілген мәйіті табылған болатын. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы және Орал қалалық ПБ-ның полиция қызметкерлері дереу жіберілді.

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі