jasqazaq.kz

БҚО-да балалар лагерінің былықтары ашылды

21 желтоқсан 2023, 10:50


Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының прокуратурасы балалар лагерлерінде тексеріс жүргізіп, қылмыстық істер қозғады.
Өңір прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, тексеріс барысында «Тәрбие жұмысы орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры тиісті білімі және біліктілігі жоқ өзінің баласын «Жас ұлан» балалар лагеріне жұмысқа заңсыз қабылдағаны анықталды. Оның үстіне оған белгіленген көлемнен артық жалақы аударылған.
«Аудан прокуратурасының қадағалау актісімен МКҚК директоры заңсыз артықшылық бергені үшін «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабының 1-тармағының 4-тармақшасы негізінде қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Артық аударылған жалақы мемлекетке қайтарылды», — делінген мәліметте.
Сондай-ақ БҚО прокуратурасы тексеріс кезінде «Достық» балалар лагерінің ғимараты апатты жағдайда екендігі және мекеме санитарлық-эпидемиологиялық, өрт қауіпсіздігі талаптарына қайшы жұмыс істегендігі белгілі болған.
«Лагердің 13 жұмысшысында тиісті медициналық рұқсаттары болмады.
Сонымен қатар балалар лагерінің меңгерушісі адамдарды жұмысқа жалған орналастыру арқылы бюджет қаражатын жымқырғаны және сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салғаны анықталды», — делінген ұсынылған хабарламада.
Анықталған фактілер бойынша Бәйтерек ауданы прокуратурасының бастамасымен Қылмыстық кодекстің 189-бабының 2-бөлігімен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қызмет бабын пайдаланып бөтеннің мүлкін талан-таражға салу) және 190-бабының 2-бөлігімен (қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық) қылмыстық істер тіркелген.
«Кейіннен мемлекетке келтірілген залалдың толық көлемде өтелуіне байланысты қылмыстық істер ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды», — деп нақтылады прокуратурадан.

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық