jasqazaq.kz

БҚО: Балалар өрттен көпқабатты үйдің терезесінен секірді

22 қараша 2024, 16:06

Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласындағы 10 шағын аудан, №19 үйде болған. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан жан түршігерлік кадрлар тарады. Батыс Қазақстан Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, төртінші қабаттағы пәтерде жиһаздар мен жеке заттар өртенген. Өрт аумағы 60 шаршы метрді құрады. Құтқарушылар 12 адамды эвакуациялады, оның жетеуі балалар.

Mgorod басылымының мәліметі бойынша,  видеода екі кішкентай бала төртінші қабаттың терезесінен секіріп, төменде оларды шүберекпен ер адамдар ұстап алады. Өкінішке қарай, екінші бала құлағаннан кейін кенептің шеті үзіліп кетті. Екі бала да ауруханаға жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі олардың жағдайы туралы кейінірек ақпарат беретінін айтты.

Өрт сағат 9:47-де сөндірілді. Өрттің шығу себебін мамандар анықтап жатыр. Ақсай қалалық әкімдігі жағдай өз бақылауында екенін айтып, отбасына көмек көрсетілетінін хабарлады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Мой ГОРОД (@mgorod.kz)

JQ-Aqparat

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі