jasqazaq.kz

БҚО әкімі: Бос жатқан жерлерді қайтарамыз

26 мамыр 2023, 16:49

 

Батыс Қазақстан облысының территориясында игерусіз жатқан жерлерді әкімдік мемлекет меншігіне қайтарып жатыр. Бұл жөнінде орталық коммуникациялар қызметінде БҚО әкімі Нариман Төреғалиев айтты.

«Біздің облысқа келер болсақ, 503 мың гектар жер пайдаланылмай жатыр деген мәлімет бар. Осыған байланысты бүгінгі таңда 220 мың гектар жерді кері қайтардық. Қалған пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару бағытындағы жұмысты жалғастырамыз. Биылдың өзінде пайдаланылмай жатқан 300 мың гектардай жердің 87 мың гектарын қайтарып алдық. Бұл жұмыс арықарай жүргізіледі», — деді Нариман Төреғалиев БАҚ өкілдерінің жолдаған сауалына жауап беріп. Облыс әкімі шаруашылық иелерінен бос жатқан жерді бірден қайтарып алу мақсат еместігін, керісінше оларға жерді игеруіне мүмкіндік жасауға мүмкіндік те берілетінін айтты. Түсіндіру жұмыстарын жүргіздің, мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде батысқазақстандық шаруалар 103 мың гектар жерді қайта игеруді қолға алған.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі