jasqazaq.kz

«Біз ожидания» басқаша болғанын білеміз»

20 маусым 2023, 16:22

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов баспасөз мәслихатында автонесие бағдарламасына түсінік берді.

Журналистер «Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі 4 пайыздық автонесие бағдарламасын тоқтату туралы шешімді неге кулуарда айтады? Неге арнайы брифинг өткізген жоқсыздар? Бұл шешім аяқ-асты қабылданды ма?» деп вице-министрге сұрақ жаудырды.

«Біз министрмен бірге дайындалдық. Өткен аптада жариялаймыз деп ойладық. Алайда елімізде болған соңғы жағдайлар осыған әсер етті. Министр мәлімдеме жасады, ендігі біздің міндетіміз жағдайды түсіндіру. Біз «ожидания» басқаша болғанын білеміз. Жыл басынан бері біз бағдарламаның талабы өзгеретінін түсіндік, — деді ведомство басшысының бірінші орынбасары.

Ол бұл шешім кулуарда қабылданды дегенді жоққа шығарды.

«Бүгін жағдайды түсіндіріп жатырмыз. Егер біз жұмысты істеп, ақшаға автобустарды сатып алып, содан кейін шақырсақ, мұны кулуарда қабылданған, ешкіммен келіспеген шешім деп айтуға болар еді. Бәріңізді шақырып, осындай жоспарымыз бар деп мәлімдеме жасап жатырмыз, — деді Ілияс Оспанов.
Еске сала кетейік, бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев 4 пайыздық автонесие бағдарламасының тоқтауы мүмкін екенін айтқан болатын.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі