jasqazaq.kz

Биыл Шымкентте қалыңмал – 3 млн теңге: Ләйлә Сұлтанқызы анасымен мәһір туралы сөйлесті (Видео)

21 қараша 2024, 12:27

Ләйлә Сұлтанқызы анасымен қалыңмал мен мәһір, сондай-ақ  тойдағы ысырапшылдықты азайту туралы сөз қозғады.

Тележүргізуші әлеуметтік желіде осыған байланысты жазба жарияллап, анасымен түсірген видеоны жүктеді.

«Жүзік салынған бір пияла суды бәрі ішіп, неке қиятын заманнан. Мәһр мен қалың малдың қосылғанын да қолдап отыр. Енді тағы ысырапшылдықты азайтсақ, иә? Өткенде «той жасадыңыздар ма, шашылдыңыздар ма, қанша кетті?» деп оқырмандардан сұрасам бола ма… Біразы қарызға белшесінен батқанын айтты. Иә, той деген береке, алыс-беріс, басқосу ғой. Дегенмен, 2-3 сағаттың артын жылдар бойы өтейміз де жатамыз. Мысалы, тәтті шай, сырға салу, құдалық, тойды біріктірсек, оның өзі біраз үнемдеу. Сосын тойдың бәрі түсте болса қайтеді деп қоям. Асқазанды ойлап жатқаным ғой… Ұйқы да, ағза да тыныш», — деп жазды Л.Сұлтанқызы.

Тележүргізуші сондай-ақ анасынан қалыңмал мен мәһірді біріктіру туралы ойын сұрады.

«Дұрыс болған екен. Қалыңмал мен мәһір бірге болсын. Біздің Шымкент жақта миллион еді, кейін 2 миллионға көшті. Оған мәһір қосылып еді. Бәрін бірге қосқаны дұрыс болған екен. Біздің заманда мәһір де жоқ, түк те жоқ. Неке суына тиын салады. Молда келеді, сол суды сен іш, мен іш. Сонымен болды. Мәһірді дегенді енді естідік қой. Қалыңмал да азғантай уақыт болатын», — дейді Л. Сұлтанқызының анасы.

Анасы сонымен қатар оңтүстіктегі қалыңмалдың құнын айтты.

«Былтыр 2 миллион теңге болатын. Биыл 3 миллион дейді ғой. Тапқандар 5 миллионға дейін береді. Ал негізі орта есеп 2 миллион болып тұр. Оның ішіне мәһір жоқ. Мәһірі бөлек. Енді екеуін біріктірген болса, 3 миллион болады деген сөз шығар, — деді ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)

JQ-Aqparat 

Сурет: instagram.com/sultankyzy/

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі