jasqazaq.kz

Биыл Шымкентте 26,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді

11 маусым 2023, 21:51

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарының алдын ала қорытындылары мен су қоймаларындағы қауіпсіздік мәселелері қарастырылды. Ал, Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан берілген мәлімдемеге сәйкес, Шымкентте егістікті әртараптандыру мақсатында биыл 26,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілген екен. Өнімділікті арттыру үшін егін шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары да жүзеге асырылып жатыр.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін шаруаларға жеңілдетілген бағамен жанар жағармай қарастырылған. Көктемгі егіс жұмыстарының барысы толықтай бақылауға алынған, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасатын болады. Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, егіс алқаптарын арамшөптер мен зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын бақылауға алуды тапсырды.

Төтенше жағдай министрлігі шомылу маусымында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция департаменттерімен, әкімдіктермен бірлесіп, ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін қолға алған. Шымкенттің климаттық жағдайына байланысты су қоймаларындағы қауіпсіздік, профилактикалық жұмыстар сәуір айынан бастап қарқынды жүргізілуде. Қала аумағындағы 3 орында, атап айтқанда, Тоғыс су қоймасының «Холодильник» демалыс орнында, Бадам су қоймасының «Рахат Бадам» аймағында, Қошқар ата өзенінің бастауында шомылуға рұқсат етілді. Рұқсат етілмеген 13 орынға қатысты халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қауіпті аумақтарда жедел құтқару жасағының қызметкерлерінен кезекшілік ұйымдастырылды.

Сәуір айынан бастап судағы қауіпсізідікті сақтау бойынша 41 рейдтік шара жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті, демалыс және мейрам күндері күшейтілген режимде жүргізілуде. Премьер-Министр жауаптыларға су қоймаларында бақылау шараларын қадағалау бойынша бірқатар тапсырма жүктеді.

Шымкент мегаполис болғанымен оның төңірегінде ауыл шаруашылығы бағытына арналған жерлер бар. Жылдан жылға қала халқының саны артып, әлеуметтік құрылыстың көптеп жүргізілуінен мұндай жердің қысқаруына алып келуде. Мәселен, 2022 жылы 30 мың гектар аумаққа тұқым себілсе, биыл 26 мың гектарда дәнді дақылдар мен көкөністер, бақша өнімдері мен мал азықтық және майлы дақылдар өсіріліп жатыр. 2022 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 1 074,0 миллион теңге субсидия (393 өтінім) берілген болса, биыл бұл бағытқа жергілікті бюджеттен жалпы 1 071,8 миллион теңге қаржы қаралған.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
Бүгін, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции