jasqazaq.kz

Биыл Шымкентте 12 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді

24 мамыр 2023, 20:13

11 сынып бітірушілеріне мемлекеттік үлгідегі аттестат 20-22 маусым күндері тапсырылды.

Биыл үшінші мегаполисте 9 сыныпты 21 485 және 11 сыныпты 11 653 түлек аяқтайды. Барлық өңірлердің ұсынысы негізінде 9,11 сынып оқушылары үшін «Соңғы қоңырау» 1 маусым болып белгіленді. Ал Білім беру ұйымдарының 11 сынып бітірушілеріне мемлекеттік үлгідегі аттестат 20-22 маусым күндері тапсырылды.

Айта кетейік, білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева арнайы бұйрық шығарды.

Құжат мәтініне сүйенсек, 2022-2023 оқу жылының аяқталуына орай, бітіруші 4, 9, 11 сыныптардың бітіру кештерін ұйымдастыруына, мұғалімдерге сыйлықтарға және жөндеу жұмыстарына, түрлі себептермен кез-келген мерекелік іс-шараларға, мекемеге қажетті кеңсе заттары мен шаруашылық заттарын сатып алу және тағы басқа мақсатта (оқу кабинеттерін жабдықтау, сыныпқа гүл, кабинеттің гигиеналық құрал-жабдықтары, оқуға керекті кеңсе тауарлары және т.б.) ақшалай және заттай жинауға қатаң тыйым салынады. Сондай-ақ, жоғары сынып оқушылары мен ата-аналарды «Соңғы қоңырау» жиынынан соң балаларының автошерулер жүрулеріне, кешкі мезгілде топталып тойхана, кафелерде көңіл көтеріп тойлауына , қала сыртына шығып атап өтуіне де рұқсат жоқ. Бұл туралы Шымкент қалалық білім басқармасы тарапынан білім беру ұйымдарына ақпараттық түсіндірме жұмысы жүргізілген.

Еске сала кетейік, 2022 жылы қалада 11-сыныпты бітіруші оқушылар саны 11 189 болса, оның ішінде 453 түлек «Алтын белгіге» үміткер. Мектеп бітіруші түлектердің 8 мыңнан астамы Ұлттық бірыңғай тестке қатысты. Ал, 20 оқушы шетелдік жоғары оқу орындарына түсуіне байланысты ҰБТ тапсырудан бас тартқан. Сондай-ақ, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың нәтижесінде осы оқу жылында 500-ден астам шымкенттік оқушы халықаралық және республикалық сайыстарда топ жарды.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі