jasqazaq.kz

Биыл Ресейде «Мәңгілік полк» қалай өтеді?

23 сәуiр 2025, 19:12

Биыл Ресей Федерациясында «Мәңгілік полк» шеруі аралас форматта өтетіні туралы ресейлік БАҚ хабарлайды. Қызметтік форматтан бас тартқан өңірлер қатарында – Краснодар өлкесі, Қазан қаласы және Тула облысы бар.

Мәскеуде «Мәңгілік полк» шеруі дәстүрлі түрде өтетіні туралы әзірге ақпарат жоқ. Мәскеу облысының кейбір қалаларында шерулер болмайтыны айтылды. Мұндай шешім Балашиха, Одинцово, Железнодорожный және Жуковский қалаларында қабылданды.

Еске сала кетейік, 2024 жылы Ресейде қауіпсіздік мәселелеріне байланысты «Мәңгілік полк» акциясы дәстүрлі түрде өткізілген жоқ. Шеру орнына баламалы форматтар ұсынылды. Ұйымдастырушылар бұл еске алу шарасына қатысудың бірнеше жолын ұсынды. Мысалы, әрбір азамат әлеуметтік желілерде Ұлы Отан соғысына қатысқан туысы туралы жазба жариялап, оның суретін парақшасының аватарына қоюына болатын еді. Сондай-ақ ардагердің портретін киімге бастырып шығару, көліктің терезесіне немесе басқа да қозғалыс құралдарына жапсыру ұсынылды.

2023 жылы да «Мәңгілік полк» шеруі өтпеді. 2022 жылы бұл дәстүрлі акция екі форматта – онлайн және офлайн – ұйымдастырылған болатын.

Сурет: ria.ru

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды