jasqazaq.kz

Биыл Алматыда 217 отбасыда егіз дүниеге келген

14 желтоқсан 2023, 12:42


Алматыда 2023 жылдың басынан бері 200-ден астам егіз (жалпы 435 бала) дүниеге келген. Егіз бен үшемнің басым бөлігі Бостандық ауданында туған, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қалалық филиалы. Алматыда 2023 жылдың басынан бері 217 ана егіз және үшемді дүниеге әкелген. Егіздердің көбі Бостандық ауданында дүниеге келген (39 жұп сәби). Екінші орында Түрксіб ауданы (38), үшінші орында Алатау ауданы (31) тұр. Одан кейін аз ғана алшақтықпен Медеу (30), Алмалы (29), Әуезов (28) және Жетісу (13) аудандары тұр. Наурызбай ауданы тізімді жапты, бірақ мұнда 2023 жылы сегіз жұп егізден бөлек, бір үшем дүниеге келген.
«Биыл қуанышты оқиға болды — Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Елімізде халықтың әлеуметтік жағдайына ерекше көңіл бөлініп жатыр, аналардың алаңсыз балалы болуы үшін жағдай қарастырылып жатыр. Босану мен балаға берілетін жеңілдіктер қамқорлық жыл өткен сайын артып келеді», — деп түсіндірді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қалалық филиалы директорының орынбасары Фарида Бөкіжанова.
Мемлекеттік корпорацияның мәліметі бойынша, Қазақстан қазір дүниеге келген егіздердің саны бойынша әлемде 48-орында тұр. Қаңтар-қазан аралығында Алматыда барлығы 29 560 бала (15 251 ұл және 14 309 қыз) дүниеге келді. Оның 435-і егіз (216 егіз және үшем).

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде