jasqazaq.kz

Биыл Әл-Фараби ауданында 20-дан астам көшеге жөндеу жүргізіледі

22 мамыр 2023, 19:22

Бұл туралы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев брифинг барысында мәлімдеді.

Биыл Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 22 көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, 14 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев брифинг барысында мәлімдеді.

Әл-Фараби ауданында ұзындығы 260 шақырымды құрайтын 390 көше-даңғыл мен өткелдер бар. Жолдардың 230 шақырымы асфальт, 25,7 шақырымы тас жол және 4,3 шақырымын топырақ жол құрайды. Биылғы жылы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан Әл-Фараби ауданында 22 көшеге ораташа жөндеу және 14 көшеге шағал тас төсеу бойынша жұмыстар атқарылады.

Сонымен қатар, шағал тас төсеу үшін Сәуле шағын ауданындағы атауы жоқ 14 көше ұсынылды. Ал, Әл-Фараби ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстары бойынша, көлеміне қарай 7 секторға бөлінген. Әр секторға аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген. Ішкі орамдағы аумақтардың тазалық жұмыстарымен «Бәйтерек-Л.Б.» ЖШС-і және «Жасыл Ел» ЖШС-і айналысуда. Аталған мекемелер аудан аумағындағы 273 ішкі орам көшелерін және 623 аулада санитарлық тазалау жұмыстарын атқарылуда.

Жалпы аудан аумағындағы қураған және апатты ағаштарды қырқу, шөп ору, жасыл желектерді қырқу, ағаштарды әктеу жұмыстарына 148,0 миллион теңге қаржы қаралып, мердігер мекеме «Сенімді құрылыс» ЖШС өз жұмысын бастады. Айта кетейік, бүгінде Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген.

2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары орындалып, тұрғындардың пайдалануына берілді. 2023-2024 жылдар аралығында 110 балалар ойын алаңшаларын абаттандыру жоспарлануда Сонымен қатар, 2023 жылы 39 балалар ойын алаңшасы орнатылады.

Мерей Әлімбек

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде