jasqazaq.kz

Биыл 88 000 білім гранты бөлінеді

22 мамыр 2023, 16:50

Биылғы оқу жылына 88 мың грант бөлінді. Бұл туралы ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ол: «ҰБТ-ға 166 мың талапкер өтініш тапсырды. Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың берген тапсырмасын орындауды жалғастырамыз. Бұл ретте гранттың 60 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтарды қамтиды. Сондай-ақ тығыз орналасқан, жаңа құрылған және батыс аймақтардағы жастар үшін де арнайы грант бөлінген. 2023 жылы өңірлік ЖОО-ларға бөлінетін педагогикалық квота саны артып, 6280 грант бөлінді. Ал «Серпін» бағдарламасы бойынша 3653 грант бөлінді», — деді.

«Серпін» бағдарламасы аясында жұмыс арқылы өтеу мерзімі биыл қысқарды. Бұрын 3 жыл болса, қазір 2 жылды құрап отыр. Сондай-ақ, грантты жұмыс арқылы өтеу оқыған аймақта ғана емес, бағдарлама аясында қамтылған басқа аймақтарға да баруға болады.

«Білім беру гранттарының жалпы саны 88 мыңды құрады. Оның ішінде бакалавриатта оқу үшін 73 мың грант, магистратураға – 13 мың, докторантураға 1890 грант бөлінді. Биыл грантқа құжаттарды қабылдау және оның иегерлерінің тізімін жариялау күндеріне қатысты өзгеріс болмайды. 13-20 шілде аралығында грантқа құжаттарды қабылдауды, ал грант иегерлерінің тізімін 10 тамызға дейін жариялауды жоспарладық. Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады», — деді вице-министр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі