jasqazaq.kz

Биыл 16 киножоба мемлекеттік қолдауға ие болады

02 шiлде 2025, 15:28

Ведомствоаралық комиссия іріктеуді Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Сараптамалық кеңесінің қорытындысы бойынша жүргізді.

Комиссия мүшелері отандық киноиндустрияны дамытуға және ұлттық құндылықтарды насихаттуға үлес қоса алатын әлеуеті жоғары жобаларды таңдады.
Айта кетейік, конкурсқа анимация, деректі, көркем фильмдері санаты бойынша 444 өтінім тіркелген. Сараптама кеңесінің қарауына 357 жоба жолданды. Бағалау нәтижесінде 128 сценарий мен сценарийлік жоспар екінші кезеңге өтті. Бұл кезеңде қатысушылар толық құжаттар пакетін ұсынды. Нәтижесінде 99 жоба питчингке жолдама алды.

9-12 маусым аралығында Алматы қаласында конкурстық іріктеудің екі кезеңінен сәтті өткен кино жобалардың питчингі өтті. Питчинг Кино орталықтың ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді. Бұл конкурстың ашықтығы мен әділеттілігіне деген ұстанымды көрсетеді.
Кино жобаларды қаржыландыру туралы соңғы шешімді мәдениет және ақпарат министрлігі қабылдайды.

JQ-Aqparat

Фото: tuapsevesti.ru

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы