jasqazaq.kz

Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін 100 млн теңге алған елорда тұрғыны тергеліп жатыр

21 маусым 2024, 16:37

Елорда тұрғыны Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені жымқырған.

Inform.kz хабарлағандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ.Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша елорда тұрғыны «Г»-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Агенттік мәліметінше, ол аса ірі мөлшерде алаяқтыққа оқталғаны, яғни Қ.Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені иемдену бойынша күдікті. Сонымен қатар күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу бойынша сараланды. Оның қылмыстық әрекетінің басқа эпизодтары тексеріліп жатыр.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік органдардың қызметіне байланысты қандай да бір мәселелерді шешу сылтауымен алаяқтықтың, оның ішінде пара беруге итермелеумен ұштасқан алаяқтықтың жалғасып жатқан жағдайларына назар аударады», — делінген хабарламада.»

Бүгін, 19:25
Мереке күні Алматы облысында 120 гектардан астам аумақ тазартылды
30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства
30 сәуiр, 14:50
Туркестан: В регионе динамично развивается сельское хозяйство