jasqazaq.kz

Бішімбаев соты: Байжанов жаман ойы болмағанын айтты

11 сәуiр 2024, 16:34

«Бүгін Бішімбаевтың сот процесінде туысқаны Бақытжан Байжанов куәлік берді. Оған «қылмысты жасырды» деген айып тағылған болатын.

Байжанов ерлі-зайыптылардың арасында сол түні жанжал болғанын білген. Бірақ ішімдік ішіп, қыдырғаннан шаршап отыр деп ойлаған. Өйткені бұған дейін де ондай жәйттер болып тұрған.

«Жаман ойым болған жоқ, тек дұрыс түсінбедім. Қандай жағдай болғанын дұрыс түсіне алмадым», — деді ол.

Адвокаттың «Нүкенованың жарақат алғанын қалай байқамадыңыз» деген сауалына Байжанов: «Мен қылмыстық іс бойынша материалдармен таныстым. Ондағы фотосуреттерге қарай алмадым. Таңертең келген кезде Салтанат жалаңаш болды, кейін мен әкелген көрпешені жапты. Жалаңаш болған соң Салтанатқа қарай алмадым. Көтерген кезде де көрпеше түсіп кетті, содан кейін теріс қарап тұрдым. Тек көзінің ісіп кеткенін көрдім. Басқа ештеңе байқамадым. VIP бөлмеден шығуға асықтым», — деп жауап берді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі