jasqazaq.kz

Біржан Жақыпов Риода барлық қарсыласын жеңуге уәде етті

25 шiлде 2016, 0:53

Снимок

Бейжің мен Лондон Олимпиадаларында жолы болмаған шымкенттік боксшы Біржан Жақыпов Рио Олимпиадасында ел намысын қорғауға сақадай-сай екенін мәлім етті. Ал, Қазақстанда туып, Бельгияда өскен футболшы Георгий Жуков Ресей құрамасына ауысты.
«Төрт жылда бір рет өтетін додаға өз елінің мықты делінген боксшысы ғана барады», — деп, сөзін бастаған спортшы бұл жолы барлық қарсыласына тойтарыс жасай алатынын жеткізді. «Қарсыластарымның бәріне дайынмын. Бәрі мықты. Оның ішінде спорттың бокс түрі дамыған Куба, Ресей, Өзбекстан, Қытай елдерінен боксшылар көп. Отыз шақты қарсыласым бар. Олардың кейбірімен бұрын-соңды жұдырықтасып көрмегенмін. Кездесулерін бейнетаспа арқылы көріп, әдістерін байқап, бәрін қадағалап отырмыз. «Мынау — осал, мынау — мықты» демей, бәріне дайын болу керек. Әр кездесуді спорттағы соңғы кездесуім сияқты шығуға дайынмын»-деп ойын түйді боксшы. Біржан Жақыпов 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында дүниеге келген. Бокспен 14 жасынан бастап айналысады. 49 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген спортшы, спорттық карьерасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Куба Олимпиадасының жеңімпазы, Әлем кубогінің қола жүлдегері, Әлем чемпионы атанып үлгерді. Жақыпов үшін Риода өтетін Олимпиада үшінші дода болып отыр. Ол бұған дейін Бейжің мен Лондонда өткен бәсекеде бағын сынап, жолы болмаған еді. Ер кезегі – үш. Жолы болуын тіледік!

Қазақстанда туып, Бельгияда өскен Жуков Екатеринбургтың «Урал» командасымен келісімге келді. Кеше футболшы Словенияда үш жылдық келісімшартқа қол қойды. 21 жастағы спортшы Семейдің тумасы. Бала күнінде ата-анасымен бірге Бельгияға көшіп кеткен. Футболдағы карьерасын «Беерсхот» командасынан бастады. Бұл клуб банкроттыққа ұшыраған соң, «Бельгияның атақты клубтарының бірі «Стандартқа» ауысты. Бірақ ресми матчтарда негізгі құрамда ойнай алмады. Ал, 2014-2015 жылдары Елорданың «Астана» клубында өнер көрсетті. Осы уақыт аралығында екі дүркін Қазақстан чемпионы атанды. Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнады. Керекред қаласының командасы сапында да Қазақстан азаматы ретінде 16 ойын өткізген. Енді, міне, «Урал» Бельгия клубынан біржолаьта аттай қалап алды. «Астанада» кетуінің себебін, Еуропада ойнап, футболшы ретінде өскісі келетінімен түсіндірген Жуковтың аяқ астынан Ресейдің ортаңқол клубына ауысуы спорт саласы мамандарын аң-таң етті.

shymkenttv.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде