jasqazaq.kz

Бірыңғай тізілімге «жалған» өндіруші кіре алмайды

03 маусым 2025, 12:18

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізіліміне назар аударды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Олжас Бектенов өндірушілердің «жалған» реестріне жол берген «Атамекен» ҰКП мен оның төрағасы Райымбек Баталовқа қатысты сын айтты.
«Қазіргі жүйе бойынша СТ-KZ сертификаты жалған өндірушілерге, өкінішке қарай, «Атамекен» палатасы тарапынан да беріледі» — деді Үкімет басшысы.

Премьер-министр отандық адал өндірушілер тізілімге автоматты түрде қосылатынын атап өтті. Өз кезегінде «жалған өндірушілер» бұл тізілімге ене алмайды.
Олжас Бектенов: «Жаңадан өтініш берушілер қарапайым өтініштің және автоматты цифрлық тексеру негізінде ешқандай бюрократиясыз қосыла алады.

Сарапшыларды шақыру мен басы артық тексерулерден өтудің және көп қағаз толтырудың қажеті болмайды. Барлығы цифрлық режимде, адамның қатысуынсыз жүргізіледі. Осыны баса айтқым келеді. Бұл сапалы бақылауды қамтамасыз етіп, міндетін адал атқармайтын тауар өндірушілерді анықтауға мүмкіндік береді. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап тізілім нақты отандық өндірушіні анықтау тетігіне айналады», — деп атап өтті.

JQ-Aqparat
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы