
Әншілер арасында бізге табиғаты жат ағымның жетегінде жүргендер бар. Олардың бұл жүрісі «Бірлік» партиясын алаңдатып отыр. Партия төрағасының орынбасары Төлеген Қуанышев бүгiн Астанада өткен «Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен жолын кесудің заңнамалық және институционалдық шаралары» алқалы жиынында осылай деп мәлімдеді. Оның пікірінше, бизнесмендер, әншiлер мен спортшылар арасында жат ағымның жетегiне жүргендер бар.
Ол өз көзқарасын былай дәйектеді. «Алаңдатушылық тудыратын көрiнiстiң бiрi — кейбiр бизнесмендер, мемлекттiк қызметкерлер, өнер адамдары, кәсiби жоғары дәрежедегi спортшылардың дiн жолына бет алуы. Бiздiң елiмiздегi дәстүрлi дiн бағытын ұстанғандарға ешқандай қарсылығымыз жоқ. Бiрақ солардың арасында бiзге жат дiни ағымдарды ұстанатындардың бар екенiн айтуға болады. Олар халық арасында жүретiн, беделдi, қалталы, белгiлi бiр шеңберде билiкке ие адамдар емес пе?!»
Төлеген Қуанышев алдағы уақытта мұндай жағдай белең алмас үшін құзырлы мекемелер осы мәселеге аудары тиіс деп есептейді.