jasqazaq.kz

Бірлік мерекесінде «Достық үйінің» жаңа ғимаратының іргетасы қаланды

01 мамыр 2025, 17:24

Бүгін Қазақстан халқының бірлігі күнінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорда қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының қолдауымен бой көтеретін «Достық үйінің» жаңа ғимаратының іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Ергешбаев, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов, зиялы қауым өкілдері мен сала басшылары қатысты.


Облыс әкімі жиналған жұртшылықты Қазақстан халқының бірлігі күнімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен құттықтап, өңірдегі жобалар мен жаңа орталықта атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
«Береке-бірлігіміздің ұйытқысына айналып, еліміздегі этносаралық достық пен бірліктің үлгісін әлемге танытқан Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына биыл 30 жыл толды. Аталған құрылым бүгінде халқымызды бірлікке, достыққа үндейтін жалпыұлттық келісімнің негізіне айналды.
Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХIV сессиясында: «Былтыр еліміздің рухани және тарихи-мәдени ордасы – Түркістанда жаңа «Достық үйі» ашылды. «Достық үйлері» тағы бірнеше қала мен аудан орталығында ашылады деп жоспарлануда. Мен бұл бастаманы қолдаймын. Біз қоғамдық келісім инфрақұрылымын біртіндеп кеңейте беруіміз керек», — деген болатын.
Жаңа «Достық үйі» – аймағымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға атсалысқан этномәдени бірлестіктер мен ассамблея белсенділері үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген замануи ғимарат болады», — деді Н.Нәлібаев.
Жаңа нысанның іргетасын қалау рәсімінде Мейіржан Юсупов “Достық үйі” ел игілігіне, жақсылыққа қызмет етсін деген тілегін білдірді.


Сондай-ақ, Руслан Рүстемов, Мұрат Ергешбаев, Мұрат Бақтиярұлы сөз сөйлеп, рәсімге қатысушыларды мерекемен құттықтады.
«Достық үйінің» жаңа ғимараты «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының қолдауымен 3 млрд. 800 млн. теңгеге салынады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі