jasqazaq.kz

» Бірлік ағашы»: Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «AMANAT» партиясы ел аумағында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын өткізді

01 мамыр 2025, 16:55

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық бастамасы аясында ауқымды «Бірлік ағашы» экологиялық акциясын ұйымдастырды. Еліміздің барлық өңірін қамтыған тазалық іс-шарасы онмыңдаған азаматтың басын қосты. Каспий теңізінің жағалауынан бастап, Іле Алатауының шатқалдарына дейін көше мен аула, тарихи ескерткіштер мен табиғи аумақтар тазаланды.
Акцияға еліміздегі партия белсенділері мен жақтастары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, мәслихат депутаттары, «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері және табиғатқа бейжай қарамайтын азаматтар қатысты.
Астанада партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек «Жастар Рухының» мүшелерімен бірге Бейбарыс Сұлтан көшесінің бойына ағаш екті. Ол аталған іс-шараның Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылуының мәні мен маңызына тоқталды.
«Партиямыз Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» жобасына алғашқы күннен бастап белсенді атсалысып келеді. «AMANAT» партиясының мұрындық болуымен еліміздің барлық өңірінде өткізілетін «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы бір жарым жылдан астам уақыттан бері үздіксіз жалғасын табуда. Биыл бұл игі іс-шара Қазақстан халқының бірлігі күнімен және Ассамблеяның 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. «Бірлік ағашы» арқылы біз ортақ еңбектің, азаматтық ұстаным мен ынтымақтың үлгісін көрсетеміз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтып өткендей, «Таза Қазақстан» – бұл тек экологиялық науқан емес, бұл – өмір салты. Тазалық тек қана айналамызда емес, ойымыз бен санамызда да болуы қажет», – деді ол.
Ақтаудағы Каспий теңізінің жағалауында өткен тазалық акциясына 100-ге жуық адам қатысты. 14-шағынаудан жағалауындағы қоқыстар жиналып, жазғы маусымға дайындық жүргізілді.
Алматы қаласында тазалық жұмысы Бутаков шатқалында өтті. Таң біліне қолдарына қолғап пен қап ұстап шыққан партияластар, «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері және экологтар, яғни бас-аяғы 50-ден астам белсенді табиғатты қоқыстан тазартты.
Петропавл қаласында тазалық жұмысы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш маңында өтті. Ескі қалалық зираттағы мемориалдың айналасы ретке келтіріліп, тазартылды. Сонымен қатар ескерткіш қайта боялып, тарихи орын қайта қалпына келтірілді. Бұл – ұрпақтар сабақтастығы мен бірліктің жарқын көрінісі.
Шымкент қаласында да ауқымды тазалық жұмысы қолға алынды. Абай атындағы саябақта орналасқан Даңқ мемориалында «Жастар Рухының» мүшелері батырларға тағзым етіп, патриоттық тәрбие мен экологиялық мәдениет үндестігінің маңызын атап өтті. Айта кетейік, бұл жер Жеңістің 80 жылдығын атап өтетін негізгі орындардың біріне айналмақ.
Жалпы, «Таза Қазақстан» бастамасы қолға алынғаннан бері игі іске 4 миллионнан астам адам қатысты. Осылайша, 1,5 миллион тоннадан астам қоқыс жиналып, 3,3 миллионнан астам ағаш егілді. Ал «Таза бейсенбі» акциясы аясында ел аумағында 1000-нан астам ластанған аумақ тазартылып, 70 мыңнан астам азаматтың қатысуымен 120 мың тонна қоқыс жиналды.
Осындай игі бастамалар – ел бірлігінің, азаматтық белсенділік пен ортақ жауапкершіліктің жарқын үлгісі.

10 сәуiр, 23:03
"Народный юрист": жителям Астаны оказали бесплатную юридическую помощь
08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей