jasqazaq.kz

«Бірінші де, екінші де күйеуім — осы»: Жеңіс Ысқақова сүйген жарына қатысты қауесетті жоққа шығарды

24 мамыр 2023, 13:49

Әнші Жеңіс Ысқақова отандық бағдарламада қонақ болып, өзінің күйеуіне қатысты қауесеттерге нүкте қойды. Әншінің айтуынша, ол отбасы мүшелерінің суреттерін әлеуметтік желіге мүлде жарияламайды.

«Мен әлеуметтік желіге балаларымның да, күйеуімнің де суретін салмаймын. Балаларым кішкентай кезде өзім салмадым, қазір олар өздері салдырмайды. Бірде күйеуім екеуміз мейрамхананың ашылу салтанатына барып, қызыл кілемнің үстімен жүрдік. Кейін сол суретіміз желіге таралып, неше түрлі пабликтер жариялаған. Бір қызығы олар: «Жеңіс Ысқақова жас күйеуін көрсетті» деп жазыпты. Кейін сырқаттанып, ауруханаға түстім. Сол кезде ұлым тамақ әкеліп берді де, соны шығарып салып тұрғам. Күзетші кісі: «Бірінші күйеуіңізден тапқан балаңыз ба?», — дейді. «Бірінші де, екінші де күйеуім осы бір адам», — дедім. Сөйтсем, ол да Жеңіс Ысқақованың жас күйеуі дегенді оқып алыпты. Өнер адамы тек сахнада болуы керек. Қалған нәрсе оның жеке өмірі», — деді әнші.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі