jasqazaq.kz

«Біреуінің басы қан». Сотта сөйлеген куәгерлер сол түні Шерзаттың достарын кездестірген

05 мамыр 2025, 12:34

Бүгін Шерзат Болаттың өліміне қатысты кезекті сот отырысы жүріп жатыр. Сотта куә ретінде 18-19 жастағы Арлан Құсайынов пен ағайынды Дәнияр және Дарын Жанболатұлы жауап берді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Олар сол түні оқиға орнына кездейсоқ тап болғанын, сотталушыларды да, жәбірленушілерді де танымайтынын айтты. Тек Дарын ғана бұрындары рет сотталушы Нұрқияс Ілиясовпен бір-екі амандасқан.

Куәгерлердің сөзінше, олар әкімдіктің алдында тұрған. Бір кезде Дәниярдың анасы оған телефон соғып, үйге қайт дейді. Содан ол достарымен үйіне беттейді. Шота Руставели көшесіне жеткенде, куәгерлердің топшылауынша, Шерзаттың достары тұрған. Дәнияр Жанболатұлы: «Қателеспесем, Шерзаттың достары болса керек. Біреуінің басы қан, қалғандары да қорқып тұрғандай көрінді. Не болғанын түсінбедік, әшейін төбелес шығар дедік. Бұлай боларын білмедік», — деді.
Сондай-ақ ол тротуарда қанның ізін көргенін айтты. Бауыры Дарын да мұны растады. Ол жерде екі патрон мен кілт жатқанын байқаған.

Олардың жанына бір әйел жылап келіп, ұлы өлгенін айқайлап айтқан. Кейін оның Шерзат Болатың анасы екенін білген. Ол «Қамажай» дүкеніндегі камера жазбасын көру үшін ноутбукке қуаттағыш сұраған.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі