
Аралас жекпе-жектен (ММА) америкалық спортшылар Аксель Каварес пен Алан Васкес Канзас Ситидегі (Миссури штаты) Shamrock FC 285 турнирінде бірін-бірі нокаутқа түсірді. Жекпе-жектің жазбасы YouTube желісінде жарияланды.
Оқиға кездесудің алғашқы раундында болды. Екеуі де бір-бірінің бетінен ұрып, құлап түсті. Бірақ Васкес қарсыласынан бірінші тұрып үлгерді. Нәтижесінде төрешілер жеңісті соған берді, деп жазды baq.kz.