jasqazaq.kz

Бір жылда 109 мектеп салынды

15 желтоқсан 2023, 10:41


16 желтоқсан қарсаңында елімізде 7 344 орындық 13 жаңа мектеп ашылады. Осылайша жылдың басынан бері пайдалануға берілетін 95 344 орындық жаңа мектеп саны 109 болды.
Оқу-ағарту министрлігі үш ауысымды, апатты мектеп мәселесін, сондай-ақ оқушы орны тапшылығын жүйелі шешу үшін жаңа білім нысандарын іске қосу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатыр.
Жалпы, осы жылдың аяғына дейін түрлі қаржы көздерінен 132 мың оқушы орынға арналған 154 мектепті, оның ішінде білім инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 76 738 орындық 62 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Бұл 12 апатты және 29 үш ауысымды мектептің мәселесін, 113 елді мекендегі оқушы орындарының тапшылығын шешеді.
Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асуда.
Биыл 217 мектептің құрылысы басталды, олар 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.
Ұлттық жоба ең алдымен қалалар мен келешегі бар елді мекендерде жаңа үлгідегі мектептерді салуға, оқушылар мен педагогтерге жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, білім беру қызметінің сапасын арттыруға бағытталған.
Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде 740 мың оқушыға арналған 369 жайлы мектеп салу жоспарланып отыр.

Бүгін, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
Бүгін, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс