jasqazaq.kz

«Бір жігіт «ат» деп айқайлады. Куәгер әйел Шерзатты бәрі жабылып ұрғанын айтты

05 мамыр 2025, 14:59

Бүгін жалғасқан Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот отырысында оқиғаға куә болғандардан жауап алынды. Басты куәгердің бірі 37 жастағы Нарғиза Низамединова, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Ол «Қамажай» дүкеніне қарсы үйде тұрады. Төбелесті пәтерінің терезесінен көрген.

«Сотталушыларды білмеймін, жәбірленушілерді дүкен сатушылары ретінде білетінмін. Сол түні ұйықтап жатқанда айқайлаған дауыстардан ояндым. Сағатқа қарамадым. Анасының дауысын естідім, ол «балам, балам» деп айқайлап жатты. Ас үйдің терезесінен қарағанымда Шерзаттың алға қарай жүгіргенін көрдім, оның соңынан ағасы жүгірді. Бір жігіт тұрған, ол «ат» деп айқайлады. Олардың артынан бір әйел, сосын жігіттер жүгірді. Әйел айқайлап, баланы қорғады. Шерзатты бәрі жұдырықтап ұрды. Сосын шоқпар сияқты бірдеңемен ұрғанын көрдім. Әйел оны денесімен қорғаса да, ешкім оған қараған жоқ», — деді ол.
Низамиденованың айтуынша, Шерзатқа арықша келген, қызыл күнқағар киген жігіт соққы жасаған. «Барлығы кеткен соң далаға шықтым. Шерзатты таныдым, ол әлі тірі болатын. Жанында ағасы жатты, есі бар, бірақ сөйлемеді. Сосын Шерзаттың әкесі келіп, баланы алып кетті. Анасы жанында болды.
Жиналғандар полиция мен дәрігер шақырғанын айтты», — деді ол.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі