jasqazaq.kz

Бір жарым жастағы гимнаст (видео)

11 мамыр 2017, 15:29

Тамирлан Тиканов – үш айлығында аяғына тік тұрып, еңбектеместен он айында бірден жүріп кеткен. Ол бірінші рет манежға бес айында шығып, Германиядағы фестивальде әкесінің алақанында ешқандай тіреусіз бір минут тік тұрған. Қазір 1 жас 6 айында еркін жаттығу жасап, шпагатқа отырады. «Гимнаст» десең, басымен жерге тұрып, аяғын көтереді. Бүгінде Қазақстаннан Максим Галкин жүргізетін «Лучше всех» балалар бағдарламасына қатысуға өтініш жіберген.

Қазір Тамирлан 1 жас 6 айға толды. Ол үйінде емін-еркін жаттығу жасап, шпагатқа отырады. Әкесінің айтуынша, ол Тамирланды үш айынан қолға алып, алақанына тұрғыза бастаған. Алғашында ол алақанда 30 секунд қана тұрған. Кейіннен тұру уақыты да ақырындап ұзарған.

– Негізі бұл Алланың жаратылысы ғой, кез келген баланы жерге қойса, өздігінен аяғына тұра қалады. Бірақ оны баланың өзі де білмейді, түсінбейді. Сөйтіп, баламды 3 айында тұрғызып көрдім. 30 секунд қана болса да өз аяғына тік тұрды. Баланы бірден аспанға лақтырып жібермеді, бастапқыда онымен жаймен ойнадым. Жалпы, әр адамның бойында қорқыныш болады. Соны тудырмас үшін баламды алақаныма қойып, өзім ақырын отырып-тұрып, әртүрлі қимылды үйрете бастадым, – дейді Әділет Тиканов.

Әділет бұған дейін әпкесінің ұлы Асланды бағып-қағып, ойнатқан. Сол кезде баламен осылай ойнауға болатынын түсінген. Жора-жолдастарының балаларын да көкке ұшырып көреді екен. Бірақ сол нәрсе балаларға ұнайтын. Кейіннен өзі әке атанып, баласын жаттықтырған.

Бала қалай бейімделді?

Әділет баланың жауырыны жабыспау үшін оның қол-аяғын созып, тартқанын массажистен көрген. Оның барлығы балаға қаншалықты пайдалы екенін де түсінген. Он күннен кейін ұлына массажды өзі жасаған.

– Негізі ұлым еңбектемей он айында бірден жүріп кетті. Жерге жатады, аунайды, бірақ еңбектемеді. Бала болған соң оны қинап жіберуге де болмайды. Күніне 15 минуттан жаттығамыз. Егер сол 15 минут ойнамасам артымнан қалмай қояды. Үйде мен болмаған жағдайда жаттығуды өзі жасай береді, – деді Тамирланның әкесі.

Айтуынша, Тамирлан әлі анық сөйлемейді. «Мама»,«папаны»ақырындап айтады. «Балам өте епті, жылдам қимылдайды. Сөйлемесе де, жақсы түсінеді. Жерге жатып, қолымды созып, алақанымды ашсам болды ұлым жүгіріп келіп тұра қалады. «Түзу тұр» десем денесін тік ұстайды. Содан тұрып, көкке көтеремін. Бір жастан асқаннан кейін ұлымды бір қолдан бір қолға лақтыра бастадым. Бойым – 175 см. Қолымды созып, Тамирланды жоғарыға 3-4 метр лақтырамын» деді ол.

Әділет баласының бұл қылығын артықшылығы деп ойламайды. Алайда оның бейімділігін 5 жасында байқауға болатынын айтты. Бірақ ата-ана ұлын 3 жасынан спорттық гимнастикаға бейімдемек. Музыкалық үйірмеге де беруді жоспарлап отыр.

Тамирланның ата-анасы қандай?

Әділет пен Камила – 26 жаста. Екеуі де циркте жұмыс істейді. Әділет – акробат-гимнаст болса, Камила – педагог-гимнаст. «Циркте істегеніме он жыл болды. Құдайға тәубе, қолымнан адам құлатқан емеспін. Келіншегім Камила да әріптесім, онымен талай өнер көрсеттім. Тіпті 70 келілік жігіттерді де көтергенмін. Ондайға үйренгенмін» дейді ол.

Олар Франция, Германия, Италия, Қытайда жұмыс жасаған. Біраз фестивальге қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Нитсада өткен фестивальден Гран-приді иеленген. Украинада «Біздің таланттар» финалына өткен. «Келісімшартта келіншегіме балалы болуға болмайды. Бірақ ол кездеәйелімніңаяғыауыр еді. Содан «қолымды сындырып алдым» деген сылтаумен финалға қатыспай қалдық. Қытайда өткен «Талант шоуға» да бардық. Алайда финалда жұмыс барысымен біз Шымкентте болдық, содан оған қатыса алмадық», – дейді Әділет.

Ол цирк династиясын құрғысы келеді.

aikyn.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде