jasqazaq.kz

Бір минут бұрын орнын ауыстырып аман қалды

19 желтоқсан 2016, 20:41

Қараша айында Колумбиядаға әуе апатынан Бразилия футболшысы Алан Рушель аман қалды. Ол тілшілерге апат алдында ғана орын ауыстырғанын айтты.

 

Оның айтуынша, бастапқыда ұшақтың соңында отырған. Бірақ қақпашы Джексон Фоллман оны алдыңғы қатарға, өзінің жанына, отыруға өтініпті.

Әуе апатынан BAE Avro ұшағының 71 жолаушы қаза тапты. Ұшақ бортында “Шапекоэнсе” футбол командасы болған. Тек 6 адам, оның ішінде Алан Рушель мен Джексон Фоллман аман қалды.

Алан Рушель арқасынан жараланып емханаға жатқызылды. Ол емханадан жазылып шыққан соң футболды қайта жалғастыратынын және қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып баратынын айтты. Апаттың қалай болғаны қазір есімде жоқ. Әйтеуір, менімен ауысып ұшақ соңына отырғысы келген журналиске бас тартқан едім. Кейін ұшақ алдында Фоллманның отырғанын көріп, орын ауыстыруға келістім. Мені құдай аман алып қалды. Маған өмір сүруге тағы мүмкіндік берді “, – дейді ол.

Еске сала кетсек, 29 қараша күні Боливиядан Колумбияға қарай ұшып шыққан әуе лайнері апатқа ұшыраған еді. Бортта 81 адам болған. Арасында бразилияның жоғарғы дивизионында өнер көрсететін “Шапекоэнсе” клубы да бар. Команда Оңтүстік америка кубогының финалында ойнауға бара жатқан. Деректер бойынша, апаттан тек 5 адам ғана аман қалған.

Апатқа ұшыраған ұшақты бірнеше күн бұрын әйгілі футболшы Месси мінгені де айтылған еді. Ал мадридтік “Реалдың” жұлдызы Роналду қаза тапқан футболшылардың отбасына 3 млн еуродан аударды.

Желтоқсан айының басында ел билігі ұшақтың отыны таусылғаннан апатқа ұшырағанын айтқан еді. Кейіннен ұшқыштың отынның таусылуына байланысты қонуға рұқсат сұрағаны, алайда оған рұқсат берілмегені айтылған жазба тарады.

stan.kz

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде