jasqazaq.kz

«Бір қыз «Мерседестен» пышақ алып берді». Сотта марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың жауабы оқылды

29 сәуiр 2025, 13:21

Бүгін өтіп жатқан Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот отырысында прокурор марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың көзі тірісінде берген жауабын оқып берді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Марқұмның жауабында былай делінген: «Сағат сегіздер шамасында Шерзат екеуміз дүкеннің ішкі тірлігін аяқтадық. Ол күндізден бері қасымда жүрген, бірге мал да сойғанбыз. Үйге қайтайық деп едім, Шерзат «Нұрқанат аға, сіз кете беріңіз, мен дүкенді жинап, тазалап, артынша барамын» деді. Мен жалғыз қайттым. Үйге барған соң кешкі асымды ішіп, демалуға жаттым. Түнгі он бірлерде жеңгем оятып, Қаржаубай ағамның шұғыл дүкенге келуімді сұрап жатқанын жеткізді. Кейін Шерзатқа хабарластым. Қаржаубай Шерзаттың біреумен жанжалға түсіп қалғанын айтқан еді.

Шерзаттан «не болды» деп сұрадым. Ол дүкенге зарядка үшін келгенде, Дархан деген жігіттің (сотталушы Дархан Әскентай – ред.) әкесімен дөрекі сөйлескенін айтты. Мұны көрген Шерзат зарядканы алып, Дарханның соңынан шығады. Сыртта Дархан сыра ішіп тұрған. Шерзат жанына келіп: «Ағай, неге менің әкеммен дөрекі сөйлестіңіз?» деп сұраған. Дархан оның анасына тіл тигізген. Оған шыдай алмаған Шерзат Дарханды ұрып жіберген».

Ал Нұрқанат Дарханға басу айтып, кикілжіңді өзара шешуді өтінген. Бірақ Дархан Әскентай құлақ аспай, сотталушы Нұрбол Тоқтаубаевқа телефон соққан.

Ғайыпбаевтың айтуынша, Нұрқияс Ілиясов жәбірленуші Ахмет Махметке қол жұмсаған. Сосын төбелес басталып кеткен.

«Бірнеше адам маған қарсы ұмтылды. Нұрқияс соққы жасады, мен оның соққысын тойтарып, жауап ретінде кеудесіне бір соққы бердім. Ағам Қаржаубай дүкеннен шыға алмай жатты, бір қыз есіктің аузын жауып, аяғымен тіреп тұрған. Тағы бір қыз «Мерседестің» жанында тұрып, кейіннен көліктен пышақ алып берді. Алдымен пышақ Нұрқиясқа жетті. Мен оларға: «Жігіттер, сабыр сақтап, мәселені өзара шешейік» дедім. Себебі пышақты көріп шошып кеттім».

Жауапта айтылғандай, Нұрқияс пышақты Нұрқанатқа қарай сілтеген, бірақ тигізе алмаған. Жанына Шерзат жүгіріп келіп, «аға, кетейік» дегенде, «сен кете бер, мен қаламын» деген.

Шерзат жүгіре жөнеліп, 15 метрдей ұзағанда «аға, маған бірдеңе сұғып алды» деп айқайлаған.

JQ-Aqparat  

 

 

Бүгін, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры