
Ақтөбенің облыстық ауруханасында босанатын екі әйел көз жұмды. Біреуінің нәрестесін құтқарып қалу мүмкін болды деп хабарлайды Today.kz.
Соловьевтар отбасы бесінші сәбилерін күткен еді. Отағасы Алексейдің айтуынша, Татьяна тоғыз ай бойы денсаулығына шағым жасамаған. Тек мерзімінен асып, жүріп қалған. Туыстарының сөзінше, дәрігерлер әйелді босандыруға асықпаған көрінеді. Бірден перзентханаға да қабылдамаған.
«Дәрігерлердің қарап, айтқандары: «Сіз әлі дайын емессіз. Ертең келіңіз, сол кезде жатқызамыз». Ал ауруханаға кіріп барғанда айтқандары: «Сіз бізге қарамайсыз». «Сәбидің жағдайы жақсы, сіздің де жағдайыңыз тәуір. Бүгін несіне жатасыз. Үйіңізге кете беріңіз»,-дейді Алексей.
8 қарашада Татьяна өз бетімен облыстық ауруханаға келген.
«Ол өзінің кесір тілігіне келіскенін айтты. Оған операция жасау керек болатын. Бірақ, бейсенбі күні ол маған қоңырау шалып, былай деді: «Маған өзің туасың» деді. Оған тездетіп босандыратын дәрі беріпті. Одан кейін әйелімнен сағат төрттен кейін хабар болмады. Сағат сегіз шамасында ол көз жұмған»,-деп әңгімесімен бөлісті Алексей.
Ер адамның сөзінше, Татьяна мен оның туыстары кесір тілігін жасатуға мүдделі болған. Себебі, осыдан бес жыл бұрын, әйелдің бас миынан қатерлі ісік алынып тасталған. Дәрігерлер, жүктілікті тоқтатуды өтінгенімен, ерлі-зайыптылар көнбей қойған.
Әйелі мен сәбиінен айырылу Алексей Соловьевқа қатты батты. Өзінің жақындарының өліміне ол, дәрігерлерді ғана кінәлайды. Алайда облыстық денсаулық сақтау басқармасының ауруханасында, бұл жағдайды жазатайым оқиға деп отыр. Дәрігерлердің айтуынша олар, қолдан келгеннің бәрін жасаған.
«Босану мерзімінің межеден асып кетуіне байланысты, жатыр мойнының жетілуіне емдеу жүргізілді. Осы тұрғыда эмболия (қан тамырының бітеліп қалуы – ред.) болып, қағанақ суы кетіп қалған. Ол дегеніміз, қағанақ сұйықтығы ананың қан тамырларына кетіп қалған. Бұл күтпеген жерден болған қатерлі жағдай. Оның тәжірибедегі көрінісі, жүз пайыз адам өлімімен аяқталады. Өлімнің алдын алуға болмады»,-деп хабарлады Ақтөбе облысының бас гинекологы Әлия Жанғалиева.
Татьяна Соловьева мен оның нәрестесіне қатысты өлімді арнайы комиссия тексереді.
Сол күні, Татьяна Соловьева қайтыс болған қайғылы жағдайдан кейін, осы ауруханада тағы бір жас әйел туыттан көз жұмды. 35 жастағы әйелдің жүрегінде ақауы болған. Ол кесір тілігі кезінде қайтыс болыпты. Әйелдің туғандары дәрігерлерге ешқандай наразылық танытып отырған жоқ.