jasqazaq.kz

Бір үйден 14 млн теңгенің мүлкін үптеп кеткен

06 қараша 2016, 19:28

Полиция қызметкерлері 1 күн ішінде ірі көлемдегі пәтер ұрлығы қылмысын жасап, қала тұрғынына 14 миллионға жуық шығын келтірген 2 адамнан тұратын қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлады  облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі. Ұсталған қылмыстық топ мүшелерінің, яғни 1991 жылғы және 1995 жылғы азаматтардың  қылмыстық іс-әрекеттері толығымен дәлелденіп, айғақ заттары алынды.

urylpr
Атап айтқанда, жоғарыда аталғандар 2016 жылдың 2 тамызында сағат 14.00-18.30 аралығында Қызылорда тұрғынының үйіне бірінші қабатта орналасқан бөлменің терезесі арқылы кіріп, жатын бөлмеде тұрған  алтын бұйымдарын, 2 миллионға жуық ақшасын және 4 300 АҚШ долларын ұрлап кеткен. Шығынның жалпы сомасы 13 685 000 теңге.

sagat

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Екі күдікті де Қалалық ішкі істер басқармасының Уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Іс айыптау қорытындысымен сотқа жолданды.

aksha

ҚазАқпарат

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде