jasqazaq.kz

Бірқазанның басы үшін бәлеге қалды

28 қыркүйек 2016, 16:57

20160928114312

Қазақстан азаматы Ресейге жалпы құны 6,8 млн рубльден астам сомаға бағаланған сирек кездесетін    құстың кептірілген  70 басын заңсыз алып өтпек болғаны үшін сот алдында жауап береді.

Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлады ТАСС Батыс-Сібір көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

«Тергеу нұсқасы бойынша айыпталушы Қазақстан Республикасы аумағында белгісіз біреуден РФ Қызыл кітабына енгізілген түріне жататын бірқазан тұқымдас құстардың кептірілген басын сатып алған», — делінген хабарламада.

Қазақстан азаматына қатысты РФ ҚК 226.1-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айыптау қорытындысын Рубцов көлік прокуроры бекітіп, іс Алтай өлкесінің Третьяковский аудандық сотына жіберілді. Ер адам 10 жылға сотталуы мүмкін. Баптың санкциясы 1 миллион рубльге дейінгі мөлшердегі айыппұлды көздейді.

Еске салсақ, өз көлігімен Ресейге құстың басын алып өтпек болған ер адамды Ресей ФҚҚ Алтай өлкесіндегі Шекара қызметінің  қызметкерлері мен Алтай кеден қызметінің жедел қызметкерлері ұстады. Оның қолында үш жол сөмкесі болған.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде