jasqazaq.kz

Білімді ұлт сапалы оқытумен қалыптасады

15 мамыр 2023, 16:49

Елімізде жүзеге асырылып келе жатқан ұлттық жобалардың бірі «Білімді ұлт» сапалы білім беру» деп аталады. Ұлттық жоба бес міндет, төрт бағыттан тұрады. Осы бес бағыттың үшіншісі мектептердегі орын тапшылығын жоюды көздейді. Алматы қаласында да ұлттық жоба аясында бірнеше мектеп бой көтерді, әлі де салынып жатыр. Осы оқу жылында есігін айқара ашқан жаңа білім ордасының бірі — «Дархан» ықшам ауданындағы №210 мектеп-лицей. Жаңа білім ошағының директоры білікті маман Ахметова Гүлнара Мәмбетқызымен сұхбаттасудың сәті түсті.

– Гүлнара ханым, жаңадан бой көтерген білім ошағының тарихын тарқатып айтсаңыз, қанша балаға лайықталып салынды?

– №210 мектеп-лицейі ағымдағы жылдың 26 қаңтарында ашылды. Мектеп 1500 орынға арналған. Мектепке қабылданған оқушылар жақын маңдағы шағын аудандардан және қала мектептерінен құралған. Атап айтсам, Алатау ауданына қарасты Ұлжан-1 ықшамдауданында орналасқан №152 мектеп-гимназиядан 560, Өжет ықшам ауданында орналасқан №156 жалпы білім беретін мектептен 422 оқушы, ал қала мектептерінен 35 оқушы 52 сынып комплектісіне жинақталды. Мектеп-лицейде оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.
Мектепте 1238 оқушы: оның ішінде 1-4 сынып оқушыларының саны – 641, 5-9-сынып оқушыларының саны – 597.
Мектеп-лицейде кадр мәселесі де шешімі тапқан. №152 мектеп-гимназиясынан 31 мұғалім, №156 жалпы білім беретін мектептен 22 мұғалім, «ENBEK.kz» порталы негізінде конкурс арқылы 43 мұғалім қабылданып, барлығы 96 мұғалім қызмет етеді.

– Елімізде «Білімді ұлт – сапалы білім беру» ұлттық жобасы жүзеге асырылып келеді. Осы ұлттық жобаның үшінші міндетінде мектептерді жайлы әрі қауіпсіз, заманауи үлгіде жабдықтау жайы айтылған. Бүгінде оқушы орындарының тапшылығын азайту басты міндет болып отыр. Өзіңіз басшылық ететін лицейдің ашылуы Алатау ауданындағы оқушылардың орын тапшылығын төмендетуге айтарлықтай септігін тигізгені анық қой.

– Заман талабына сай салынған оқу ғимараты, әрине, Алатау ауданындағы оқушылардың орын тапшылығын азайтуға айтарлықтай септігін тигізді деуге болады. Мектепте білім алушылардың жас ерекшелігіне қарай сыртқы спорт және ойын алаңдары бар. Мектептегі 76 оқу кабинеті жаңа заман талабына сай интерактивті панель, SMART тақтамен және заманауи модификациядағы жиһаздармен жабдықталған. Оқу кабинеттерінде панорамалық әйнектер қойылған. Мектеп дәліздері мен кабинеттері кең, жарық және эрогономикалық интерьермен ерекшеленеді. Модификациялық 2 физика, 2 химия, 2 биология кабинеттері 6 зертханамен толық жабдықталған. Арнайы биология, химия, физика пән кабиеттері және зертханалары практикалық жұмыстарға қажетті көрнекі құралдармен жабдықталған. «Робототехника» және «STEM» кабинеттеріне сұраныс беріліп, қаражат бөлінді, тендер ойнатылып жатыр.

Мектеп кітапханасы көркем әдеби кітаптар мен қосымша ақпараттарды электронды нұсқада пайдалануға мүмкіндік береді. Қыздарға арналған аспаздық және тігін шеберханасы, ұлдарға арналған саз балшық пен керамика өңдеу дөңгелектері бар. Спорттық бұйымдармен толық жабдықталған 2 спортзал бар. Заманауи жобада жасалған мәжіліс залы мен спорт залы – мектептің басты ерекшелігі. Мектеп асханасы 270 орынға арналған. Қазіргі таңда әлеуметтік қолдауды қажет ететін 41 оқушы мен 1-4 сыныптардың 641 оқушысы бір мезгілдік тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, «Байбесік» және «Ұлжан-2» ықшам аудандарынан қатынайтын оқушыларды тасымалдауға 6 автобус бөлінген. Жылдың ортасында ашылған соң, мектепке қарасты мөлтек ауданның балалары толық ауысып келген жоқ. Сондықтан 1500 орынға арналған мектепте бүгінгі таңда 1238 оқушы білім алуда. Жаңа оқу жылында 300 оқушы қабылдап, мектептің жалпы қуаттылығын толық қанағаттандырамыз деген ойдамыз. Жалпы жаңа мектептің ашылуына байланысты мектепке қабылданған оқушылардың санына қарайтын болсақ, біраз мектептердегі орын тапшылығын азайтуға септігін тигізді.

– Осы ұлттық жоба аясында 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мәселесі де қамтылған. Бұл жүйенің тиімділігі турасында айтсаңыз.

– 12 жылдық білім берудің негізі — адамның жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру. Адам тұлға болып тумайды, ол тәрбие, оқу, білім арқылы қалыптасады. Қазіргі ғылым мен білім тұрақты жаңарып, техника мен технологиялар тұрақты дамып жатыр. Біз осы жаһандық процестен шет қалмауымыз керек. Оқушылардың шығармашылық дамуына, тұлға болып қалыптасуына, әлемдік білім беру жүйесіндегі мықты бәсекелестікке қарсы тұрып, заманауи білікті мамандардың артуына, мұғалімдердің өз салаларына деген жауапкершілігін арттыра отырып, оқушы мен ұстазды ортақ шығармашылық арнаға бұруға, функционалды сауаттанған оқушы болашақ мамандығын айқындап, бағыт алып шығуына 12 жылдық білім беру жүйесі көп пайдасын тигізеді деп ойлаймын.

Сұхбаттасқан Қуаныш Рахмет

Бүгін, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
Бүгін, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
Бүгін, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
Бүгін, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
Бүгін, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
Бүгін, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
Бүгін, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
Бүгін, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата