jasqazaq.kz

Білім және денсаулық министрліктерін шұғыл тексеру күтіп тұр

05 ақпан 2017, 0:05

Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер министр Бақытжан Сағынтаев Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа мемлекет қаржысын тиімсіз пайдаланып отырған органдарды тексеретін арнайы комиссияны тезірек құруға тапсырма берді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша бюджет қаржысын төмен игерген (министрліктердің – автор) ақшасын қайта бөліп, басқа мақсатқа жұмсау керек. Біз қазына қаржысын тиімсіз игеруге жол бермеуіміз керек», — деді ол.

Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасын шұғыл түрде орындау қажеттігін атап өтті.

«Елбасы мемлекет қаржысына қылмыстық және салғырт қарау деректері бойынша арнайы комиссия құруға тапсырма берген болатын. Бақыт Тұрлыханұлы, (Қаржы министрі – автор) комиссия құрамына Президент әкімшілігін қосып, осы мәселе жөнінде ұсыныстар дайындаңыз. Оған бір апта көлемінде уақыт беремін. Мемлекет басшысы айтқандай, тексерісті Білім және Денсаулық сақтау министрліктерінен бастау керек», — деді Үкімет басшысы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде